1-ші хабарландыру
Басты ақпарат
Биыл Идеал емес плазма (PNP) физикасы бойынша дәстүрлі конференция Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы- Алматыда өткізіледі. Қала еліміздің ғылыми және мәдени орталығы болып табылады және демалыс, түрлі ойын-сауық мүмкіндіктерін толық қамтамасыз етеді. Таза ауадағы табиғаттымен ерекше Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғы курорты мен Көк‑Төбе таулы паркінің тамаша көріністері ұсынылады.
Комитеттер
Жергілікті ұйымдастыру комитеті | Бағдарлама комитеті |
---|---|
Төраға: Рамазанов T.С. | Төраға: R. Redmer (Rostock) |
Мүшелері: Архипов Ю.В., Асқарұлы Ә, Батрышев Д.Ғ., Данияров Т.Т., Давлетов А.Е., Досболаев М.Қ., Жұмағұлова Қ.Н., Ғабдуллин М.Т., Қоданова С.Қ., Лаврищев О.А., Мұратов М.М., Нүрекенов Қ. |
Мүшелері: A. Alastuey (Lyon), M. Bonitz (Kiel), D. Ceperley (Urbana), M. Desjarlais (Sandia), C. Deutsch (Paris), D. Gericke (Warwick), S. Glenzer (Livermore), V. Fortov (Moscow), D. Hoffmann (Darmstadt), C. Keitel (Heidelberg), M. Knudson (Sandia), W.-D. Kraeft (Rostock), V. Mintsev (Chernogolovka), T. Ramazanov (Almaty), H. Reinholz (Rostock), G. Roepke (Rostock), R. Sauerbrey (Dresden), M. Schlanges (Greifswald), P. Schram (Eindhoven), I. Tkachenko (Valencia), T. Tschentscher (Hamburg) |
Бағдарлама
Ғылыми бағдарламада идеал емес плазма физикасы саласындағы ең соңғы жетістіктер туралы өзекті баяндамалар, сондай-ақ стендтік баяндамалар ұсынылатын болады және келесі бөлімдерді қамтиды:
- Статикалық физика және ab-initio моделдеуі
- Идеал емес плазма өндірісі (оптикалық лазер, еркін электрондар лазері, ауыр иондар ағыны, Z машина, жарылғыш заттар және т.б. көмегімен)
- Идеал емес плазма диагностикасы (х- рентген шашырауы, тежегіш күші, сәуле шығару, жұтылу және т.б.қолдану арқылы)
- Тепе-теңдік қасиеті, күй теңдеуі және фазалық өтулер
- Кинетикалық, транспорттық және оптикалық қасиеттері
- Тығыз астрофизика және ИТС плазмасы
- Лазерлік сәулеленудің затпен ультра-қарқынды әсерлесуі
- Тозаңды плазма
Маңызды күндер
Тезистерді қабылдау мерзімі: | 15 Сәуір, 2015 |
Тезистің қабылдағаны туралы хабарлама: | 1 Маусым, 2015 |
Қаржылық қолдауға өтініш беру мерзімі: | 15 Маусым, 2015 |
Соңғы бағдарлама: | 20 Маусым, 2015 |
Алдын-ала тіркелу мерзімі: | 1 Шілде, 2015 |
Салтанатты қабылдау: | 30 Тамыз, 2015 |
Концеренцияның басталуы: | 31 Тамыз, 2015 |
Конференцияның аяқталуы: | 4 Қыркүйек, 2015 |
Тезисті ұсыну
Қатысушылар тезистерін ресми веб‑сайтқа www.pnp15.kz немесе pnp15@physics.kz электронды поштасына онлайн түрде жібере алады. Барлық жұмыстар қаралады және ауызша немесе стендтік баяндама ретінде бекітіледі. Аннотация максимум A4 форматының біржағында болуы тиіс, барлық әдебиеттер мен суреттер сайтта көрсетілген үлгі бойынша жасалуы керек. Назар аударыңыз, тезистер мен баяндамалыр 2015 жылдың 15‑ші сәуіріне дейін қабылданады. Тезистердің қабылданғаны/ қабылданбағаны (ауызша/стендтік) туралы хабарлама 2015 жылдың 1‑ші маусымына дейін жіберіледі.
Конференция материалдары
Ғылыми еңбектер конференциядан кейін Contributions to Plasma Physics журналында жарналар бойынша жарияланатын болады. Барлық мәліметтер кейінірек хабардар етіледі.
Конференцияға тіркелу және төлем жүргізу
Қатысушылар үшін алдын-ала төлем жүргізген жағдайда жарна 250 € құрайды, тіркелу соңына қарай 300 € болады. Студенттерге төлем сәйкесінше 150 € және 200€ болады. Ілеспе тұлғалар үшін төлем 100 €. Жоғарыда көрсетілген төлемдер барлық шығындарды қамтиды, соның ішінде: кофе‑брейк, жеңіл түскі ас, салтанатты қабылдау, экскурсия мен баспа жұмыстары.
Қаржылық қолдау
Ұйымдастыру комитеті түрлі елдерден келген қатысушылар үшін шектеулі жергілікті қаржылық демеушілік қамтамасыз етеді. Негізінен студенттер мен жас ғалымдарға берілетін болады. Қаржылық қолдауды қажет ететіндер, алдын-ала электрондық поштаға ресми хат жолдауы тиіс, хатта келесі аталған ақпараттар болуы керек: мекеме жайлы мәліметтер, айналысатын жұмысы, тезисінің атауы және керекті қолдау түрі. Қаржылық қолдауға өтініш берудің мерзімі 2015 жылдығ 15‑ші маусымына дейін.
Өткізу орны мен орналастыру
Конференция Орталық Азиядағы ең ірі көрме орталығының бір бөлігі болып табылатын, алмалы қала Алматының қақ ортасында орналасқан Best Western Plus Атакент парк қонақ үйінде өтілетін болады. PNP 15 қатысушылары үшін бір адамдық орналасу тәулегіне 70 €, ал екі адам үшін 90 € құрайтын болады. Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатаханаларынан қол жетімді орындар алуға болады, жалпы бағасы тәулігіне 20 € құрамақ, жатақхана конференция өтетін жерден 15 минуттық жерде орналасқан.
Визалар
Визаға қатысты, Қазақстан Республикасының шетел істер Министрлігі ережесіне сәйкес барлық қатысушылар үш санатқа бөлінеді. Уақытылы виза алу үшін конференцияның ресми сайтты тексеріңіз.
Байланыстар
Барлық сұрақтар бойынша бізбен хабарласыңыздар
Ресми веб‑сайт | www.pnp15.kz |
Электронды байланыс поштасы: | pnp15@physics.kz |
Факс номері: | +7 (727) 377–35–11 |
Байланыс телефоны: | +7 (727) 377–35–11 |
Демеушілер
Біздің демеушілер: