Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі уақытта еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады.

1934 жылы іргесі қаланған ҚазҰУ әлемдік білім беру жүйесінде өз ұстанымын жақсартып келеді. Жалпы даму бағыты халықаралық білім беру стандарты бойынша қабылданған.Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім, ғылым, рухани-тәрбиелілік, инновациялық және өндіруші негізіне ие. Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, Технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары университетте қызмет атқарады. Университетте көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша 20000 студент білім алуда. ҚазҰУ-де көпсалалы білім беру жүйесі қалыптасқан: жоғары базалық білім (бакалавр дәрежесі), жоғары профессиональды білім (магистр), аспирантура және докторантура. ҚазҰУ мемлекеттік білім беру гранттары және келісім бойынша студенттерді қабылдайды. Университет 180-нен астам мамандықтарды даярлайды.

Қазіргі таңда университет теңгерімінде:

  • Көлемі 100 гектарға жуық қалашық;
  • Жалпы аумағы 264000 шаршы метрге жуық 14 оқу ғимараты, сондай-ақ лекционды блоктар;
  • Аумағы 80000 шаршы метрге тең 13 жатақхана;
  • Спорткомплекс және стадион;
  • 1537 орындығы бар студенттер сарайы;
  • Тамақтандыру комбинаты, сауда орталығы және кино залы;
  • Жоғары сапалы білім беру қызметін және ғылыми-зерттеу үдерісін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы құрылғылар мен адекватты ресурстар;

Университеттің құрамында 14 факультет:

  • Биология және биотехнология факультеті;
  • Шығыстану факультеті;
  • География және табиғатты пайдалану факультеті;
  • Журналистика факультеті;
  • Тарих, архелогия және этнология факультеті;
  • Халықаралық қатынастар факультеті;
  • Механика-математика факультеті;
  • Физика-техникалық факультеті;
  • Экономика және бизнес жоғары мектебі;
  • Филология,әдебиеттану және әлем тілдері факультеті;
  • Философия және саясаттану факультеті;
  • Химия және химиялық технология факультеті;
  • Заң факультеті;
  • Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті;

Жаратылыстану бағыты бойынша 8 ғылыми-зерттеу институттары:

  • Экспериментальды және теориялық физиканы ғылыми-зерттеу институты;
  • Ұлттық ашық түрдегі нанотехнологиялық лаборатория;
  • Математика және механика институты;
  • Биология және биотехнология мәселелер институты;
  • Экологиялық мәселелер институты;
  • Жаңа химиялық технология және материалдардың ғылыми зерттеу институты;
  • Физика-химиялық зерттеу және талдау орталығы;
  • Ғылыми-технологиялық парк және инженерлі профильды лаборатория, 25институт және әлеуметтік-гуманитарлық орталық.