Құрметті әріптестер

Конференция идеал емес плазма физикасы саласында теориялық және эксперименттік зерттеулерге бағытталған кезекті дәстүрлік кездесуін жалғастыруда. Бұл 1980 жылы Германияның Мацлов-Гарвиц жерінде жұмыстық шолу ретінде басталған, кейінгі жиындар Вустров (1982), Визенталь (1984), Грайфсвальд (1986), Вустров (1988), Госэн (1991), Маркграфенхейде (1993) , Бинц (1995), Росток (1998) и Грайфсвальд (2000) қалаларында өтті. Конференция халықаралық сипаты PNP-12 ны Германиядан тыс жерден өтуіне себеп болды. Ең алғаш 3 жылдық кездесу 2003 жылы Валенсия Политехникалық университеті, Валенсия, Испанияда өтті. Кейін Дармштад (Германия, 2006), Черноголовка (Ресей, 2009) және қайтадан Росток (Германия, 2012) болды.

Биылғы жылы конференция Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның бұрынғы астанасы, Алматы қаласында өтеді. Қала еліміздің ғылыми және мәдени орталығы болып табылады, сонымен қатар көптеген демалыс және ойын-сауық орталықтарымен қамтамасыз етілген. Қаладан тыс жерде Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғылық курорты және қаланың әсем көркін көруге мүмкіндік беретін Көк төбе тау саябағы бар.

Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен және Эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институты, Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертханасы және т.б. демеушілердің қолдауымен өтеді. Конференцияның ғылыми бағдарламасы өзекті баяндамаларды, сонымен қатар стендтік баяндамалар мен ғылым саласындағы жаңа жетістіктерді және келесі тақырыптарды қамтиды:

  • Статикалық физика және ab-initio моделдеуі
  • Идеал емес плазма өндірісі (оптикалық лазер, еркін электрондар лазері, ауыр иондар ағыны, Z машина, жарылғыш заттар және т.б. көмегімен)
  • Идеал емес плазма диагностикасы (х- рентген шашырауы, тежегіш күші, сәуле шығару, жұтылу және т.б.қолдану арқылы)
  • Тепе-теңдік қасиеті, күй теңдеуі және фазалық өтулер
  • Кинетикалық, транспорттық және оптикалық қасиеттері
  • Тығыз астрофизика және ИТС плазмасы
  • Лазерлік сәулеленудің затпен ультра-қарқынды әсерлесуі
  • Тозаңды плазма

Жергілікті ұйымдастырушы комитетінің атынан идеал емес плазма физикасы бойынша 15-ші Халықаралық конференцияға барлық тілек білдірушілерге  осы ашық түрдегі шақыруды ұсына отырып, конференцияға қатысуға шақыру Мен үшін үлкен мәртебе.

 

Сіздерді Алматы қаласында күтеміз.

Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы

проф. Рамазанов Т. С.

RUR 5.82
EUR 395.82
USD 335.24