2-ші Хабарландыру

Ресми Шақыру

 Құрметті әріптестер,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастырумен, 2015 жылдың 30 Тамыз - 4 Қыркүйек аралығында болатын Идеал емес плазма физикасы бойынша 15-ші Халықаралық конференциясына PNP 15 қатысуға шақыру мен үшін үлкен мәртебе. Конференция идеал емес плазма физикасы саласында теориялық және эксперименттік зерттеулерге бағытталған кезекті дәстүрлік кездесуін жалғастыруда. Бұл 1980 жылы Германияның Мацлов-Гарвиц жерінде жұмыстық шолу ретінде басталған, кейінгі жиындар Вустров (1982), Визенталь (1984), Грайфсвальд (1986), Вустров (1988), Госэн (1991), Маркграфенхейде (1993), Бинц (1995), Росток (1998) и Грайфсвальд (2000) қалаларында өтті. Конференция халықаралық сипаты PNP-12 ны Германиядан тыс жерден өтуіне себеп болды. Ең алғаш 3 жылдық кездесу 2003 жылы Валенсия Политехникалық университеті, Валенсия, Испанияда өтті. Кейін Дармштад (Германия, 2006), Черноголовка (Ресей, 2009) және қайтадан Росток (Германия, 2012) болды..

Конференцияның толық бағдарламасы шақырылған, тақырыптық баяндамалар мен стендтік сессияларды қамтиды және конференцияның ресми сайтында қазіргі уақытта қол жетімді http://pnp15.kz/program/. Әрбір қызығушылық танытқанқандарға әлеуметтік бағдарлама мен экскурсиялар жоспарланып отыр http://pnp15.kz/conference/excursions/.

Осы жылғы PNP конференциясында ұсынатын физика және мәдениетті байытуға, идея алмасуға үлес қосуға, бізге қосылуға шақырамыз. Біз PNP-15 әр қатысушыға баға жетпес тәжірибе алмасатын, есте сақталатын кездесу болатынына сенеміз.

 

Сіздерді Алматы қаласында асыға күтеміз.

Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы

проф. Рамазанов Т. С.

 

Комитеттер

Жергілікті ұйымдастыру комитетіБағдарлама комитеті
Төраға: Рамазанов T.С. Төраға: R. Redmer (Rostock)

Мүшелері: Архипов Ю.В.,

Асқарұлы Ә, Батрышев Д.Ғ., Данияров Т.Т., Давлетов А.Е.,  Досболаев М.Қ., Жұмағұлова Қ.Н., Ғабдуллин М.Т., Қоданова С.Қ., Лаврищев О.А., Мұратов М.М., Нүрекенов Қ.

Мүшелері: A. Alastuey (Lyon), M. Bonitz (Kiel), D. Ceperley (Urbana), M. Desjarlais (Sandia), C. Deutsch (Paris), D. Gericke (Warwick), S. Glenzer (Livermore), V. Fortov (Moscow), D. Hoffmann (Darmstadt), C. Keitel (Heidelberg), M. Knudson (Sandia), W.-D. Kraeft (Rostock), V. Mintsev (Chernogolovka), T. Ramazanov (Almaty), H. Reinholz (Rostock), G. Roepke (Rostock), R. Sauerbrey (Dresden), M. Schlanges (Greifswald), P. Schram (Eindhoven), I. Tkachenko (Valencia), T. Tschentscher (Hamburg)

Бағдарлама

Ғылыми бағдарламада идеал емес плазма физикасы саласындағы ең соңғы жетістіктер туралы өзекті баяндамалар, сондай-ақ стендтік баяндамалар ұсынылатын болады. Нақты тіркелген қатысушылар мен әр күндік бағдарламаны конференцияның ресми сайтынан сәкесінше келесі сілтемелер арқылы көруге болады http://pnp15.kz/conference/registered_participants/ және http://pnp15.kz/program/.

Ескеріп қойыңыздар, шақырылған баяндамалар 40 минуттан және тақырыптық баяндамалар 20 минуттан сұрақтар мен жауаптарды қосқанда аспау керек. Стендтің өлшемі A0 портреттік беттегі бағытта (биіктігі 1189 мм және ені 841 мм) болу керек. 

Шақырылған Баяндамашылар

Келесі шақырылған баяндамашылар өздерінің конференцияға қатысатынын мақұлдағанын ризашылықпен айтамыз: M. Bonitz, A. Davletov, V. Fortov, I. Iosilevskiy, B.M. Hegelich, R. Magyar, N. Nettelmann, O. Petrov, I. Tkachenko. Сонымен қата, конференцияның сыйлы қонақттары құрметті де белгілі профессорлар Werner Ebeling, Vladimir Fortov және Claude Deutsch. 

 

Конференция материалдары

Ғылыми еңбектер конференциядан кейін Contributions to Plasma Physics  журналының екі жарнасында жарияланаты шешілді. Әдеттегі мақаланы қарастыру және қарау тәртіптері қолданылады және сәйкес мерзімдер конференция кезінде хабардар етіледі.

Өткізу орны мен орналастыру

Конференция Орталық Азиядағы ең ірі көрме орталығының бір бөлігі болып табылатын, алмалы қала Алматының қақ ортасында орналасқан Best Western Plus Атакент парк қонақ үйінде өтілетін болады. PNP 15 қатысушылары үшін бір адамдық орналасу тәулегіне 70 €, ал екі адам үшін 90 € құрайтын болады. Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдар үйінде тіркелген студенттер мен жас ғалымдарға (ұйымдастыру комитетінің қолдауымен тегін) орындар алуға болады,  жатақхана конференция өтетін жерден 15 минуттық жерде орналасқан

Жергілікті ұйымдастыру комитеті ұшып келетін қонақтарды әуежайда қарсы алады, сол себептен ұшып келудің толық мәліметтерін  pnp15@physics.kz  электрондық адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.

Әлеуметтік шаралар және экскурсиялар

Әрбір қызығушылық танытқанқандарға әлеуметтік бағдарлама мен экскурсиялар жоспарланып отыр. Қала бойынша экскурсиясында  атақты Медеу-Шымбұлақ тау шаңғысы курортын көріп аралау ұйымдастырылады. Медеу мұз айдыны Алматының қаласының көрікті және сүйікті жерлерінің бірі болып табылады. Медеу теңіз деңгейінен 1 691 метр биіктікте және Алматы орталығынан шамамен 20 минуттық жерде орналасқан.  Таулар мен қарағай орманымен қоршалған аңғарда орналасып, өзінің бірегейлігімен таң қалдырады. Қаланы селден қорғайтын бөгетке дейін 842 баспалдақпен көтерілуге болады.
 Экскурсиялар мен қосымша адамдарға арналған бағдарлама туралы барлық қосымша ақпарат алу үшін http://pnp15.kz/conference/excursions/  ресми веб-сайтына кіріңіз.

Конференцияға тіркелу және төлем жүргізу

Қатысушылар үшін жарна 250 € құрайды. Демеушілердің қолдауларымен студенттер мен ілеспе тұлғалар үшін төлем тегін. Жоғарыда көрсетілген төлемдер барлық шығындарды қамтиды, соның ішінде: кофе‑брейк, жеңіл түскі ас, салтанатты қабылдау, экскурсия мен баспа материалдары.
 

Байланыстар

Барлық сұрақтар бойынша бізбен хабарласыңыздар

Ресми веб‑сайт www.pnp15.kz
Электронды байланыс поштасы: pnp15@physics.kz
Факс номері: +7 (727) 377–35–11
Байланыс телефоны: +7 (727) 377–35–11

Демеушілер

Біздің демеушілер: